Қарағандылық зейнеткер әйелі мен ер адамды атып тастады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандының Шахтинск қаласындағы саяжайлардың бірінде қайғылы оқиға болды. 72 жастағы зейнеткер 76 жастағы әйелі мен саяжайға қонаққа келген 60 жастағы ер адамды тапаншамен атып өлтіріп, сосын өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров аталған саяжайдағы үйлердің бірінде болған үш адамның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғандығын хабарлады.

«Аталған факт Қылмыстық кодекстің 99- бабы 2- бөлімі бойынша тіркелді. Алдын ала нұсқа бойынша, зейнеткердің адамдарды өлтіруге қызғаныш себеп болуы мүмкін. Сот сараптамасы тағайындалды», - деді Бақытжан Құдияров.

Болжам бойынша, Шахтинск қаласына жақын жерде орналасқан саяжайға келген зейнеткер әйелінің қасынан бейтаныс ер адамды көргеннен кейін, екеуін атып тастаған. Содан кейін аулаға шығып өзі-өзіне қол салған.

Қазіргі кезде оқ қаруының зейнеткердің қолына қалай түскендігі тексеріліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар