Қарағандылық Үндістанда Денге безгегін жұқтырған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының тұрғыны масаның шағуынан Денге безгегін жұқтырған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Масадан жұқтырғанын науқастың өзі айтқан.

«Үндістанда болған кезде оны маса шағып, Денге безгегін жұқтырып алған. Бір тәулік бойы температурасы 39 градусқа дейін көтеріліп, қалтырап, басы ауырып, денесі әлсіреп, бөртпе пайда болған», - деп хабарлады Қарағанды облыстық  қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсы.

Денге безгегі Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде - Таиланд, Индонезия, Вьетнам, Сингапур, Филиппин, Үндістан, Африка мемлекеттерінде, Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Американың тропикалық және субтропикалық белдеуінде кең таралған. 

Соңғы жаңалықтар