Қарағандылық студенттерге латын әліпбиі оқытыла бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды мемлекеттік университетінің кейбір факультеттерінде биылғы оқу жылынан бастап латын әліпбиі оқытыла бастады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

«2017-2018 оқу жылында Қарағанды мемлекеттік университетінде химия, филология, философия, психология, тарих факультеттерінде латын әліпбиі оқытыла бастады. Бұл курстар аптасына бір рет өтеді. Студенттерге А. С. Әділова, М. А.Тұрсынова, З. Н.Жуынтаева, сондай-ақ Е.М. Антонова секілді ғалымдар, филология ғылымдарының докторлары, профессорлар дәріс береді. Студенттер ерте кезеңдердегі қазақ әліпбиімен қатар, 1929-40 жылдары Қазақстанда қолданылған латын жазбасының үлгілерімен танысатын болады», - деді Қарағанды облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлнәрайым Қаңтарбекова. 

Айта кетейік, Қазақстанда қазақ тілінің латын әліпбиіндегі нұсқасы 2017 жылдың соңына дейін қабылданады деп жоспарлануда.

 

Соңғы жаңалықтар