Қарағандылық студенттер Универсиада алауын домна пешінен жағады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды ​​облысы 28-ші қысқы Универсиада-2017 Алау эстафетасына қатысуға дайындалуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір облыстық ЖОО-ларда алау ұстаушылар іріктеліп жатыр. 150 студенттен өтінім түсті, ал бізге керегі 60 адам. Алау эстафетасын өткізудің жергілікті штабы жанындағы комиссия 1 желтоқсанға дейін тізімді жасақтайды», - деді облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының жееткшісі Наталья Сухорукова.
Оның айтуынша, іріктеуде кандидаттың оқудағы, спорттағы, қоғамдық өмірдегі жетістіктері, азаматтық позициясы ескеріледі. Жоспар бойынша, Қарағанды облысында Алау эстафестасы 2017 жылы 26 қаңтарда облыс орталығында және Теміртау қаласында өтеді. Бағыттың ұзындығы - 12 шақырым. «Рәсім Теміртау қаласындағы металлургиялық комбинаттан бастау алады. Президенттің қызметтес серігі мен Қарағанды ​​мемлекеттік индустриялық университетінің студенттері алауды домна пешінің жалынан жағады. Сонымен қатар, Қарағанды ​​мемлекеттік техникалық университеті, тау-кен факультетінің студенттері шахтаға түсіп көмір алады, оны «Қарағанды ​​Арена» мұз сарайына Алаудың негізгі тостағанына әкеледі», - деп Н. Сухорукова шара сценарийімен таныстырды.
Салтанатты митингтен кейін эстафета Қарағандыға бағыт алып, Мұз сарайында аяқталады. Оқиғаның шарықтау шегі ресейлік мұз балеті әртістерінің қатысуымен өтетін мерекелік шоу болмақ. «Мұз аренасында домна пешінен алынған алау мен студенттер әкелген көмір біріктіріліп, негізгі тостағандағы алау жағылады», - деп толықтырды спорт басқармасының жетекшісі.Универсиадада Қарағанды ​​облысынан14 спортшы шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, конькимен жүгіру спорты, мәнерлеп сырғанау, биатлон секілді
спорттың бес түрі бойынша сайысқа түседі.

28-ші бүкіләлемдік қысқы Универсиада Алматыда 2017 жылдың 29 қаңтарынан 8 ақпанына дейін өтеді. Әлемнің 56 елден келген 2 мыңға жуық спортшы сынға түсетінін растады. Алау эстафетасы республиканың барлық облыс орталықтарында өтеді. Алау эстафетасына еліміздің ең үздік 1 000 студенті қатысады. Әр өңірдің өз Алау жағу рәсімі өтеді деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар