Қарағандылық полицейлер «Қамқор ана» сайысын жариялады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық полицейлер «Қамқор ана» сайысына қатысу үшін талантты әрі креативті қолөнер шеберлерін іздеуде, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты .

 Тек осындай ана ғана баласына автокресло алып, жаяу жүргенінде күртешесіне жарық шағылыстыратын лентаны тігіп беру арқылы оның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

  13-19 қараша аралығында ел аумағында «Жол қозғалысы қауіпсіздігінің аптасы» атты республикалық кең ауқымды шара өтеді. Осы акция аясында «Қамқор ана» атты сайысы ұйымдастырылмақ. 

  Бұл конкурс арқылы қатысушылар жас жаяу жүргіншілердің жолдағы қауіпсіздігі - ананың қолында екенін көрсететін болады. Әрине, аналарға еңбектенуге тура келеді, себебі сайыс талабына сай балалар киімін немесе қауіпсіздік затын жасауда міндетті түрде жарық шағылыстыратын элементтер болуы керек.

  Аталмыш сайыс балаларды көлікпен тасымалдауда автокреслоларды пайдалануға және жарық шағылыстыратын заттарды қолдану арқылы ата-аналардың бала өмірі мен денсаулығына жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған.

  Конкурс талаптарына сай суретте ана мен жарық шағылыстыратын зат қолданылған киім киген бала болуы тиіс. Суреттер «селфи» форматында болуы керек, оларды әділқазылар алқасы бағалайды. 

  Жеңімпаздардың суреттері жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттауға арналған әлеуметтік науқандарда қолданылады. 

Соңғы жаңалықтар