Қарағандылық отбасы бір түннің ішінде далада қалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Моншадан шыққан өрт үйді де шарпып, соның салдарынан қыс ортасынан төрт адамнан тұратын отбасы мүшелері баспанасыз қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Көз алдымызда бүкіл дүние-мүлкіміз жанып кетті. Көзды ашып жұмғанда баспанасыз қалдық»,-дейді Елена Матвеева. 

Оның айтуынша өрт түнгі 2-00-дер шамасында шыққан.

«Күйеуім бәрімізді оятты. Далаға іш киммен жүгіріп шықтық. Тіпті құжаттарымызды да алып үлгермедік. Жиған-тергеніміз, барлық құжаттарымыз түгел жанып кетті»,-дейді ол.

Қазір өрттен зардап шеккен отбасы көршінің үйінде тұрып жатыр. Үйді қалпына келтіруге қаржылары жоқ. Маңайдағы көршілер қолда бар көмектерін аямай, жылу жинау үстінде.

Бұл отбасыға бюджеттен де қаржы қарастырылмаған. Себебі резервтік қордың көмегі тек су тасқыны, үйдің құлауы сияқты табиғи апаттардан зардап шегушілерге ғана беріледі. Ал бұл өрт кәдімгі абайсыздықтан болған оқиға ретінде табиғи апаттар қатарына жатпайтын көрінеді.

Соңғы жаңалықтар