Қарағандылық хайуанаттар бағына меценаттар 20-дан астам жануар сыйлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қарағандылық хайуанаттар бағына жануарлар түрін толықтыруға мүмкіндік берді. Меценаттар мен демеушілер «Жылы жүрек - жомарт қол» акциясына қатысып, қол ұштарын созды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері зообаққа 20-дан астам жануарлар сыйға тартылды. Чампан зебрасын сатып алуға «Южный» супермаркеттер желісінің иелері көмектесті. Бір жасар «Батырды» Алматыдан алып келді. Ал фермерлік шаруашылықтар зообаққа амур жолбарысын, еліктер, жайра және шиншилла, сондай-ақ түрлі құстарды: тауыс, үкі және тотықұстарды сыйлады.

Хайуанаттар бағының басшылығы барлық сыйлық тартушыларға алғыстарын білдіреді.

Қарағанды мемлекеттік зоологиялық бағы - республика бойынша ең ескі бақтардың бірі. Оның негізі 1938-ші жылы қаланған. 2012-ші жылы оған жергілікті маңызға ие ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілген болатын.

2013-ші жылдан бері ол ЕААЗАҚ халықаралық ұйымының құрамына еніп, жақын және алыс шет елдердің көптеген зообақтарымен серіктеседі. Бүгінгі таңда қарағандылық хайуанаттар бағында 200-ден астам жануарлар түрі мекен етеді, оның ішінде сирек кездесетін және экзотикалық жануарлар да бар.

Соңғы жаңалықтар