Қарағандылық бойжеткен «Көк кит» ойыны кесірінен өзіне қол салған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық 19 жастағы бойжеткен өз-өзіне қол салған, оған «Көк кит» суицидтік тобы  ықпал еткен деген болжам бар, - деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бойжеткеннің туысы Галина Сибирякованың айтуынша ол ванна бөлмесінде 6 ақпанға қараған түні асылып қалған.

«Қарындасым «Көк кит» қауіпті ойыны салдарынан өмірмен қош айтысты деп күдіктенемін. Бұл жантүршігерлік ойынды «Тыныш үй» деп атағанына не дерсің. Модератор жасөспірім орындауы тиіс тапсырма береді, мысалы, лезвиямен қолында кит суретін салу. Соңғы тапсырма - өлімге алып келеді», - деді оның ағасы Марат.

Қайғылы оқиға  барлығы ұйықтап жатқан кезде, түнде болған. Ата-аналары қызының оянып, ваннада шомылып жатқанын естіген. Ал таңғы сағат алтыда оның өліп жатқанын көрген.

«Оның телефонын ашқан кезде «Көк кит» және «Тыныш үй», 4:20, мен ойындамын деген сөздерді таптық», - деді Марат.

Қыздың туысқанының айтуынша, іспен полиция айналысуда.

«Модераторды тауып, жазасын береді деп үміттенемін», - деді ер адам.

Соңғы жаңалықтар