Қарағандылық ауласынан қоқиқаздың балапанын тауып алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Ауласына шыққан Қарағанды тұрғыны Қызыл кітапқа енгізілген қоқиқаздың балапанын тауып алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Үйдің иесі Сергей Каубре бақшасында дірілдеп тұрған балапанды көріп, қолма-қол орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясына хабар берген. «Ер адам қоңырау шалып, қоқиқаз тауып алғанын айтқанда, біз оны қателесіп шығар ойладық. Балапан басқа құстың, мәселен, тырнаның балапаны болуы мүмкін еді», - дейді Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қарағанды облысы бойынша орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Абай Әлжанов.

Барған соң шынымен қоқиқаз екеніне көз жеткізген инспекция мамандары балапанды алдымен кеңсеге, сонан соң Ақмола облысындағы Қорғалжын мемлекеттік қорығына берген.

Қоқиқаздар ащы-тұзды су бассейндерінде өмір сүреді, өйткені ол жерде бұл құстардың негізгі қорегі артемия салина құрттары болады. Қоқиқаз балапанының Қарағанды қаласына қалай келіп қалғаны әзірге белгісіз. «Ер адамға балапанға бәйек болып, бізге жылдам хабарласқаны үшін алғыс айтамыз. Ол біз барғанша оны азықтандырып, жылы жерде ұстаған. Балапан енді үйін тапты. Қазір ол Қорғалжын мемлекеттік қорығына жіберілді», - дейді Абай Әлжанов.

Соңғы жаңалықтар