Қарағандыдағы стоматологиялық емханалардың бірінде екі жасар сәби қайтыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы стоматологиялық емханалардың бірінде екі жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы жағдайға тап болған отбасының жанашыры Ольга Никулина, баланың ата-анасының өтінішімен, 2018 жылғы 22 ақпанда болған жағдай бойынша БАҚ-қа жүгінді. Әйелдің айтуынша, биыл маусымда екі жасқа толатын Семенды ата-анасы Қарағандыдағы жекеменшік стоматологиялық емханалардың біріне апарады. Дәрігерлер кариесті наркозбен емдеу жөнінде шешім қабылдайды. Венаға жіберілген анестезия баланың анафилаксиялық шокқа түсуіне әкеп соқтырып, соның салдарынан қайтыс болады.

Ольга Никулина баланың ата-анасы Ресей азаматтары екенін айтады.

«Біз - Қазақстанда келісімшарт негізінде қызмет етіп жүрген әскери қызметшілерміз. Семенның сегіз тісінен кариес табылды. Сатыбалдин көшесі, 2-үйде орналасқан «TINY DENT» емханасына бардық. Емханада баланың ата-анасы: науқастың анестезияға хабардар бола отырып келісім беретіні туралы және препараттың болуы мүмкін салдары көрсетілген стоматологиялық араласу туралы екі құжатқа қол қойды. Баланың анасы дәрігерлерді науқастың кейбір азық-түлік өнімдеріне аллергиясы бар екенін айтты. Анестезияны жібермес бұрын аллергиялық сынама алынған жоқ», - дейді ол.

Әйелдің сөзіне қарағанда препарат қабылдағаннан кейін баланың жүрегі тоқтаған. «Бала бес минуттай клиникалық өлім жағдайында болды. Жедел жәрдем тез жетіп келді. Жүрегін қайта соқтырып, ауруханаға, жансақтау бөліміне алып кетті. Жүрек тоқтауының салдарынан өкпе мен ми ісініп, біраз уақыттан кейін ми өлді. Шамамен түнгі сағат екілерде баланың жаны үзілді», - дейді Ольга.

Баланың ата-анасы полицияға арыз жазып, мәйітті Ресейге, Омбы облысына жерлеуге алып кеткен. Оларға 25 күн демалыс берілген.
Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері осы факті бойынша 26 ақпан, дүйсенбі күні толығырақ пікір білдіретінін мәлімдеген.

Соңғы жаңалықтар