Қарағандыдағы саяжайларға қатынайтын автобустың уақыты ұзартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда биылғы жылы саяжайларға баратын автобустар бағдарларға әдеттегіден ерте шығып, жұмыстарын сәл кешірек аяқтайтын болады. Оған қала әкімі Нұрлан Әубәкіров мүмкіндік жасауға уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап. 

Халықпен есептік кездесу барысында әкімге Федоров су қоймасы аумағындағы саяжай қауымдастығы өз сауалдарын қойды. Олар жазғы мезгілде автобустар өте сирек жүретініне шағым айтты. Соңғы рейске үлгеру үшін саяжайға барғандар сағат 19.30-да шығуға мәжбүр екендерін жеткізді. Дегенмен суғару уақыты 20.00-ге дейін жалғасады. 

«Егер ондай мәселе бар болса, біз автобустардың жүру уақытын сәуірден қазан айларына дейін кешкі тоғыз жарымға дейін созатын боламыз. Сондай-ақ таңертең автобустар ертерек шығатын болады», - деп уәде берді Нұрлан Әубәкіров. 
Саяжайшылар сонымен қатар олардың учаскелерін әр көктем сайын Соқыр өзенінің суы басып кететін айтып налыды. Бақшашылар пікірінше бұл жайт өзен арнасы мен су қоймасының айналма арнасын бұталар басып кеткендіктен болады. Әкім бұл мәселені де шешуге әуде берді. 
«Табиғатты пайдалану басқармасында Соқыр өзенін тазалауға қаражат қарастырылған, сондықтан биылғы жылы бұл мәселені біз шешетін боламыз», - деді ол. 
Сонымен қатар Нұрлан Әубәкіровтың айтуынша екінші үйінді арқылы өтетін саяжайға апаратын жол мердігер ұйымдардың көмегімен грейдерленетін болады. 

 

 

Соңғы жаңалықтар