Қарағандыдағы өрт электр құралындағы ақау салдарынан болған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда екі бала қаза тапқан көп қабатты тұрғын үйдегі пәтердегі өрт электр құралындағы ақау салдарынан орын алған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«19 қаңтар күні сағат 11.23-те өрт сөндіру бөліміне Қарағандының Октябрьский ауданы 18-мөлтекауданындағы №18 үйдегі пәтерлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Үшінші қабатта орналасқан төрт бөлмелі үйдің залында жиһаздар мен заттар жанған. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін өрт ауыздықталды. Оның аумағы 10 шаршы метрді құрайды. Алдын ала деректер бойынша, өрт электр көзінің ақауы салдарынан болған», - деп айтты облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Газдан уланып 2008 және 2015 жылы туған екі бала көз жұмған. Сондай-ақ, өртке оранған пәтерден газға уланған 22 жастағы қыз облыстық медициналық орталыққа жеткізілді.

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, оқиға орынан өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 17 адамы мен 4 техника жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар