Қарағандыдағы онкологиялық диспансерге жаңа корпус салынады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда науқастар қатары көбейгендіктен онкологиялық диспансерге жаңа корпусын қосып салу жөнінде шешім қабылданды, деп хабарлады ҚазАқпарат облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

Онкологиялық диспансердің қызметімен облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев танысты.

«Облыста скринингтік тексеруден өтетін адамдардың саны артты. Бұл дертке шалдыққандарды анықтауға септеседі. Жыл сайын онкологиялық диспансерге келетін науқастарының саны ұлғайып келеді. Егер 2011 жылы медициналық мекемеге 90 мың адам барса, биыл олардың саны 104 мыңды болды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, А. Дүйсебаев ғимараттың қасбетін жаңартып, онкодиспансердің кіре берісін ретке келтіруді тапсырды. Сонымен қатар палаталарға ұлттық цифрлық телехабар тарату желісіне қосылған теледидар қою жайлы сөз болды.  

Облыстық әкімдіктің ақпаратынша, 2016 жылы өңірде 3 млрд теңгеге мамандандырылған медициналық жабдық сатылып алынды. 

Соңғы жаңалықтар