Қарағандыдағы олимпиада резерві мектебінде жетімдер үйінің балаларына арналған жоба іске қосылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының «Әсем» балалар үйінің тәрбиеленушілері «Жеңіл атлетика баршаға» акциясы шеңберінде олимпиада резерві мектебінде тегін жаттығу мүмкіндігіне ие болды. 

Спорттық мекеменің басшылығы балаларды мектепке шынығуға алып келу - қайта жеткізіп тастауды да қамтамасыз етеді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты .

- Біздің құзырымызға «ГАЗель» көлігі берілді, сондықтан «Жеңіл атлетика баршаға» жобасын жүзеге асыру мүмкіндігі туды. Оны Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірігіп іске қостық, - дейді жеңіл атлетика бойынша МБЖОРМ директоры Дмитрий Карпов. - Жүргізуші балаларды алып келіп, 90 минуттан соң жаттығу аяқталған бетте қайтадан жеткізіп салады. Балалар біздің мектепте екі ауысыммен жаттығады. Ең бастысы, балалар үйінің тәрбиеленушілері өзін өздері жетілдіру мүмкіндігін алып отыр. Біз осы ұлдар мен қыздар мақсатқа ұмтылып тұрғанын көріп отырмыз.
null 

«Әсем» балалар үйінің директоры Светлана Прокопив жоба бастамашыларына алғысын білдірді. Оның айтуынша, бұл сыйлыққа әсіресе кішкентай балалар қатты қуанған екен, себебі олардың спортпен айналысуға мүмкіндіктері шектеулі болған.

- Балалар туралы тек жақсы сөздер айта аламын, - деді жеңіл атлетика жаттықтырушысы Наталья Максименко. - Бірінші дәрістің өзінде-ақ олар өз мүмкіндіктерін көрсете білді, қатты тырысып бақты. Жәнеде ең бастысы - олардың көзінде от жанып тұрды. Себебі олардың барлығы чемпион болғысы келеді. Олармен жұмыс жасаған өте ұнады.
null 

Қазір балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін жаттығулар аптасына екі рет өтеді. Алдағы уақытта оның санын үш ретке дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар