Қарағандыдағы оқу-жаттығу кезінде Ұлттық гвардия сарбазы қаза тапты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -ІІМ Ұлттық гвардиясы әскери бөлімшесінің қатардағы жауынгері Қарағандыдағы оқу-жаттығу кезінде ауыр жарақат алып, қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұлттық гвардияның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 тамыз күні таңғы сағат 7-де 5451 әскери бөлімшесінде әскери техникалардың жауынгерлік даярлығын тексеру бойынша шаралар жүргізіліп жатқан.

«Арнайы тіркемелі автомашинаның жүргізушісі, қатардағы жауынгер Тимур Перметов алаңдағы маневрді аяқтағаннан кейін, нұсқаулыққа сәйкес әрекет ете отырып, алдын ала қол тежегішіне қойып,  тіркемені көліктен ажыратқан. Еңіс жерде тұрған тіркеме орнынан жылжып, тіркеме мен автомашина ортасында тұрған қатардағы Перметовті қысып қалған», - делінген  ІІМ Ұлттық гвардияның хабарламасында. 

Бірнеше жарақат алған зардап шегуші қалалық ауруханаға жеткізілгенімен, ол ішкі ағзаларының жарылуы және сүйектерінің сынуы салдарынан көз жұмды. Сарбаздың қаза табуы оқиғасы бойынша қызметтік тексерістер жүргізіліп жатыр.

«Бас қолбасшылық және Ұлттық гвардияның жеке құрамы әріптестерінің қазасына байланысты Тимур Фахритдинұлының жақындары мен туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады», - делінген Ұлттық гвардия хабарламасында. 

Соңғы жаңалықтар