Қарағандыдағы құрылыс нысандарында 50-ден астам шетел азаматы заңсыз жұмыс істеген

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Полицейлер салынып жатқан нысандарда өңірге астыртын келіп, көші-қон заңнамасын бұзған 56 шетел азаматын анықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Заңсыз жұмыс істейтін мигранттар Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті Заңсыз көші-қонға қарсы күрес бөлімінің мамандары мен Экстремизмге қарсы күрес басқармасы Жедел жауап қайтару арнайы жасағының жауынгерлерін тарту арқылы анықталды. Жұмысшылар тобы Қарағанды облысында 22-24 мамыр аралығында өткізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шараның бірінші күні қолға түсті», - деді өңірлік ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Көрші елдерден келген барлық 56 шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 517-бабы бойынша жауапқа тартылды.

«Бұл жерде жұмыс берушілердің де кінәсі бар. Жұмыс берушілер Қазақстан заңнамасын бұзу арқылы шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін 518 және 519-баптар бойынша әкімшілік жауапқа тартылады», - деді Бақытжан Құдияров. 

null 

Соңғы жаңалықтар