Қарағандыдағы қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша компания басшысы тұтқындалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда қаржы пирамидасымен байланысты іс бойынша «ФинансОпто групп» ЖШС-ның басшысы алаяқтық жасады деген күдікпен тұтқындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қарағанды қаласы Октябрь аудандық соты 2016 жылдың 18-қазаны күні аталмыш компания басшысы Елена Колесникованы екі айға тұтқындау туралы қаулы шығарды»,-деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметінен.

Бұл іс бойынша жапа шеккендер құзырлы органдарға шағымданды, шығын 100 млн теңгені құрады.

Айта кетейік, жуырда Қарағанды қаласында «ФинансОптоГрупп» ЖШС-мен байланысты қаржы пирамидасын құру әрекеті бойынша шу шықты. Ұйым өкілдері тұрғындармен бірге қызмет етеміз және мол көлемде кіріс табасыздар деген желеумен азаматтардың қаржыларын жымқырған.

«Екінші жақ (әрқайсысы әртүрлі сомада) «ФинансОптоГрупп» ЖШС-на тиесілі «Optovka» бөлімін дамыту үшін 1-ші тарапқа қайтарымды негізде мол көлемде қаржы ұсынады. Ал 1-ші тарап екінші жаққа қайтарымсыз тауарлар мен қызметтерді және қаржы ұсынады»,-делінген келісімде.

Ал, фирманың жабылып қалғанын азаматтар кейін білген де құқық қорғау органдарына шағымданған. Октябрь аудандық прокуратурасы ЖШС-ның қызметіне тексеру жүргізді.

Фирманың жарғысы бойынша ұйым құрылыс-монтаждық жұмыстарымен және саудамен айналысуы керек.

Қаржы пирамидасын қазір құқық қорғау органдарының өкілдері де тексеруде.

Соңғы жаңалықтар