Қарағандыдағы ірі апат: екі ауданды ыстық су басты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда жылу магистралында апат болып, салдарынан бірнеше көп қабатты үй, 40-қа жуық жекежай және алты әкімшілік ғимарат 4 қаңтарда күні бойы жылусыз қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қарағанды Жылу транзит» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағандының №19 ықшам ауданындағы құбыр жарылған.

«Апаттық-қалпына келтіру бригадалары шұғыл 188 тұрғын үйді, жеке сектордың 21 үйін, заңды тұлғалардың 39 нысанын М4 жылу магистралына жалғап, гидравликалық және температура режимдерін қалпына келтірді. Винницкая көшесіндегі 25-үй және Моховая көшесіндегі 6/1-үй, жеке сектордың 36 үйі және заңды тұлғалардың алты нысаны жылумен қамтудың төмен режиміне өткізілді», - дейді кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Қала тұрғындары су басқан көшелерде еркін жүре алмай қалды. Ыстық судан көтерілген қалың бу көлік жүргізушілерін қозғалтпай тастады. Қарағандының Октябрь ауданына жол апаттарының алдын алу үшін жол-патруль полициясы қызметкерлері келді.

Коммуналдық апат салдарын жоюға 25 адам және 10 арнайы машина жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар