Қарағандыда жылы аялдама орнатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда бірінші жылы аялдаманың салтанатты ашылуы өтті. Енді қала тұрғындары өз автобустарын жылы жерде күтіп қана қоймай, тамақтанып, өзіне қажетті көлікті монитордан бақылауға мүмкіндік алады, деп жазады ekaraganda.kz.

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіровтің айтуынша, көпфункционалды аялдаманы салу жоспары бұрын пайда болған. Маңызды жоба мемлекеттік-жеке серіктестіктің арқасында іске асқан. Аялдама үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлімінде фастфуд, екінші бөлімінде шатыры ашық алаң мен ағаш орындық, ал үшіншісінде жолаушылардың жылынатын орны бар.

null  

«Алматылық кәсіпкерлер бізбен сөйлесіп, осындай павильондарды біздің қаламызда ашуға ұсыныс білдірді. Бірінші орынды Гоголь көшесінде таңдады, себебі мұнда көліктер мен адамдар саны көп», - деп айтты қала басшысы.

Айта кетейік, кешенді аялдама павильонын жасауға шыныны есептемегенде тек қазақстандық шикізат қолданылды. Жобаны жүзеге асыру барысында 8 жаңа жұмыс орны ашылды. Жылы аялдама қоғамдық көлік жұмыс жасайтын уақытта - 05:00-ден 22:00-ге дейін ашық болады. Түнгі уақытта жабылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында видеобақылау камералары орнатылған. 

null 

Соңғы жаңалықтар