Қарағандыда жұмбақ жағдайда көз жұмған сәби шұжықтан уланбаған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -Қарағандыдағы инфекциялық ауруханада көз жұмған 3 жасар Айзере Қаһарманова жеген шұжыққа және баланың нәжісіне жасалған зерттеудің қорытындысы шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Зерттеуді Әділет министрлігіне қарасты сот сараптамасы орталығының мамандары жүргізген.

Көз жұмған сәбидің анасы Диана Қаһарманова бұл сараптама қорытындысы түк те таң қалдырмағанын айтады.

«Мені  басшылықа неше күннен бері шырылдап айтып келе жатқаным осы болатын. Қызыма берген шұжық  бұзылмаған. Оны өзім де жедім және уланып қалған жоқпын. Айзеренің жөргегіндегі  қалдықтарға маған және шұжыққа тексеріс жасалды. Айзереден бірдеңе тапқан сарапшылар менен және шұжықтан ештеңе таппады. Демек мен уланған жоқпын. Олар бәленің басы еткісі келген шұжықтың бұл жерге еш қатысы жоқ. Демек, менің қызым инфекцияны ауруханада жұқтырған», - дейді Диана Қаһарманова.

Осыған дейін облыстың бас дәрігері Ержан Нұрлыбаев та бәленің басын шұжықпен байланыстырмау керектігін айтқан болатын.

«Шұжықпа әлде басқа нәрсе ме нақты баға беруге болмайды»,-деген еді Ержан Нұрлыбаев.

Айзеренің анасына сараптама қорытындысы  таныстырылып, тексеріс материалдары көрсетілген. Тексеру жұмыстарымен  Қарағанды облыстық  қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті айналысуда. Диана  комиисия мүшелеріне сенімсіздік танытып отыр.

«Департамент басшысы және комиссия төрағасы Ольга Смирнова бізбен тым қатаң сөйлеседі. Тіпті дауысында біздің өзімізді  айыптау белгісі байқалады. Ал инфекциялық аурухананың дәрігерлерімен басқаша, олармен сөйлескенде  жұмсарып қалады. Комиссия төрағасы тексеріс таразысын тең ұстамай қала ма деген қорқыныш бар»,-дейді Айзеренің анасы.

Еске сала кетейік, 31 желтоқсан күні Қарағандыдағы облыстық инфекциялық ауруханада 3 жасар сәби көз жұмған болатын. 

Айзере Қаһармановның ата-анасы қайғылы оқиғаға дәрігерлердің салғырттығы себеп болды деп есептейді. 

Соңғы жаңалықтар