Қарағандыда жол белгілеріне тексеру жүргізіледі

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда жаяу жүргіншілер жолағында баланы қағып кетуге жол белгісінің көрінбеуі себеп болуы оқиғасынан кейін Қарағанды облысының әкімі облыс орталығындағы барлық белгілерге тексеріс жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Полицейлер Қарағанды әкімдігінің абаттандыру бөліміне бірнеше рет хат жазып, жүргізушілердің белгілерді көруіне кедергі келтіретін ағаштардың бұтақтарын кесуді сұраған. Бірақ коммуналдық қызмет бұл өтінішке құлақ аспаған.

«Қарағанды ішкі істер басқармасы жол-техникалық инспекция бөлімі 2016 жылдың ақпан айында әкімдікке өтініш жасаған. Бірақ біздің өтінішіміз орындалмады», - деп хабарлады жол-техникалық инспекция бөлімінің мемлекеттік инспекторы Олег Коновалов.

Әкімдікте өткен жиында өңір әкімі Ерлан Қошанов құзыретті органдарға жүргізушілер мен жолаушылардың барлық жол белгілерін анық көруі үшін жағдай жасауын тапсырды.

Еске салайық, 25 мамыр күні 24 жастағы әйел Қарағандыдағы Штурманский көшесіндегі жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 9 жасар қызды қағып кеткен. Бүлдіршін қыз қаза болды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар