Қарағандыда жедел жәрдем дәрігері мектепке «мина қойылды» деп хабарлаған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -  Жеке кәсіпкердің пәтеріне қоңырау шалып, Қарағандының Киров секторындағы мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған әйел облыстың жедел жәрдем стансасы бригадасының дәрігері болып шықты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жедел медициналық көмек стансасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде он жылға жуық еңбек етіп келген тәжірибесі мол дәрігердің бұл әрекетіне әріптестері түсінбестік танытты. «Дәрігер 60 жаста, көп жыл еңбек еткен. Ол нөмірді шатастырып алған. Сот-медициналық сараптама бюросына хабарласам деп, жаңылып кәсіпкердің пәтеріне түскен. Бюроға не үшін қоңырау шалғанын білмейміз», - деді стансадан.

Облыстың ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров хабарлағандай, 22-ші шағын аудандағы мектеп ғимаратында жарылғыш зат туралы хабарлама  полицияға  сағат 10.18-де түскен. «102 телефонына ер адам қоңырау шалып, оның үйіне стационарлық телефонға белгісіз әйел хабарласып, мектепке жарылғыш зат қойылды деп айтқанын жеткізді. Мектепке жедел қызмет жетіп, одан 900-ге жуық адамды эвакуациялаған. Жарылғыш зат табылмады, - деп хабарлады Бақытжан Құдияров.

Қазіргі уақытта соталды тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар