Қарағандыда жалған дәрігерлер екі зейнеткерді тонап кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда жедел жәрдем қызметінің жалған дәрігерлері екі зейнеткердің пәтеріне кіріп, ақшаларын тонап кеткен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарттарға келген алаяқтар өңірде зейнеткерлерді тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық тексеруден өткізу науқаны жүріп жатқанын айтқан. Медициналық тексеруден кейін дәрігерлер пәтерден асығыс шығып кеткен, ал қарттар жинаған ақшаларын таппай қалған.

Өз өтіріктеріне сендіру үшін олар жедел жәрдем қызметінің қысқы күртесін киген, қолдарында медициналық тексеруге қажетті құрылғылар салынған арнайы сөмке болған.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы, «Жедел жәрдем қызметі» стансасы ММ хабарлауынша, бұл мекеменің қызметкерлері жоспарлы зейнеткерлерді тексеру жұмыстарын жүргізбеген. 

Соңғы жаңалықтар