Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 335.24
EUR 395.82
RUB 5.82
CNY 50.65

Қарағандыда жалған ақша жасайтын цех анықталды

Қарағандыда жалған ақша жасайтын цех анықталды
2017 жылғы 9 тамыз 02:32 715

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жалған ақша жасайтын цехты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жедел іздеу шараларын жүргізу кезінде  Қазақстан Респебликасының ұлттық банкноттарын жасаумен айналысқан тұлға анықталды. Жалған ақша Степной-2 шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде жасалған» делінген департаменттің баспасөз баянында.

Оқиға орнынан дәлел ретінде қолдан жасу белгілері бар 2000 номиналды банкнот тәркіленді. Қылмыстық істі тергеу барысында күдікті ұзақ уақыттан бері жалған ақша жасаумен айналысып келгендігі анықталды.

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

 

 

Басты сөздер: Қарағанды облысы, Қылмыспен күрес,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер