Қарағандыда заңсыз қоқыс төккендерді әшкерелейтін топ жұмыс істейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 2018 жылы 350 аула, 8 саябақ және 81 гүл бақтары абаттандырылады. Бұл мақсаттарға 5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Биылғы жылы қалыпқа келтірілетін саябақтар қатарында - Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағы мен Жезқазғандағы «Жастар» саябағы бар. 

«Абаттандыру бойынша бұл шаралар біздің қалалар мен аудандардың деңгейін көтереді. Дегенмен, орындалатын жұмыстардың сапасына көңіл аударған жөн. Облыс әкімі блогына біздің азаматтардан сапасыз жұмысқа қатысты шағымдер келіп түсіп жатады», - деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа. 
Ол сонымен қатар облыста санитарлық тазарту бойынша екі айлық басталғанына көңіл аударды. Алайда, қалалар мен аудандарда әлі де заңсыз қоқыс үйінділері қалып отыр. Әсіресе, бұл проблема жеке секторлар үшін өзекті. Облыс әкімінің орынбасары полиция қызметкерлерін абаттандыру нормаларының сақталуын жіті бақылауға алып, қажет болған жағдайда ереже бұзғандарға айыппұл тағуға шақырды. 
«Қарағандыда бір апта бойы заңсыз қоқыс үйінділерін анықтаумен айналысқан арнайы топ жұмыс істеді. Ол жұмыстардың нәтижесі Қарағанды қаласының әкіміне менің беріп жіберген альбомға енгізілді. Барлық заңсыз қоқыс үйінділерін жойыңыздар. Бір аптадан соң сол нүктелерді аралап шығамын да, барлығын қадағалап қайтамын», - деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов. 

Қазір заңсыз қоқыс үйінділерінің тізімі жазылған осы секілді альбомдар облысымыздың басқа да қалалары мен аудандарында әзірленіп жатыр. Олар аумақтағы санитарлық тазалық бойынша облыстық екі айлық аяқталғанша, 21-ші маусымға дейін жойылуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар