Қарағандыда вагон үстінде селфи жасамақ болған балалар тоққа түсті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Қарағанды-Пассажирская» теміржол стансасының жолында жүк вагонының төбесіне шыққан 14 жастағы екі баланы тоқ соқты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Вагонның электр желілеріндегі тоқ кернеуі 27 мың вольт болған. Қауіп туралы білмеген жеткіншектер ерекше селфи жасамақ болып, күзеттен жасырына вагон төбесіне шыққан.

«17 қараша күні сағат 17:40-та станса жұмысшыларынан шақырту түсті. Электр тоғымен жарақат алған 14 жастағы екі бала ауруханаға жеткізілді. Денесінің 65 пайызын күйік шалған олардың бірінің жағдайы ауыр. Екіншісінің жарақаты жеңіл», - деп хабарлады «Жедел медициналық жәрдем» мекемесінен.

 

Соңғы жаңалықтар