Қарағандыда ТЮРКСОЙ-дың бас хатшысы Дүйсен Қасейіновке белгі қойылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы жұлдыздар аллеясына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, «ТЮРКСОЙ» халықаралық ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейіновке арналған жаңа жұлдыз орнату шешімі қабылданды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жұлдыздар аллеясы орталық мәдениет және демалыс саябағының кіреберісінде орналасқан. Жұлдызды орнату Дүйсен Қасейіновтің 70 жылдығына арналды. Мұндай шешімді құрамына мәдениет басқармасы мен әкімдіктің өкілдері және қоғам қайраткерлері кіретін комиссия қабылдады.

Профессор Дүйсен Қасейінов 1947 жылы туған. Ол испан және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. «Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағының, «Құрмет» ордені, «Парасат» ордені, РФ-ның достық ордені, Әзербайжанның «Достлуг» ордені, Түрікменстанның «Махтумкули Фраги» медалі, «Астана» ескерткіш медалі, «Польша мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін» және «Тарлан» сыйлығының иегері. 

Соңғы жаңалықтар