Қарағандыда турфирма басшысы сотталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында туристерді алдап соққаны үшін «Фараон» фирмасының басшысы Жанар Абеупке қатысты сот шешімі шығарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі

«Ж. Абеуп ҚР ҚК 190-бабының 2-тармағы 1,3 тармақшаларында қарастырылған  қылмыстық іс жасағаны (ірі көлемдегі алаяқтық) үшін кінәлі деп танылсын. Оның мүлкі тәркіленіп, жалпы режимдегі түзеу колониясында 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленсін», - деп Қазыбек би аудандық сотының судьясы Жанат Егембердиева үкімді жариялады.

Сот турфирманың жетекшісінен зардап шегушілерге материалдық шығын келтіргені үшін ондаған миллион теңге өндіріп алды. Моральдық залал келтірілгендігі туралы өтініш қанағаттандырылған жоқ.

Сонымен қатар, мемлекет пайдасына 486,5 мың теңге көлемінде мемлекеттік баж өндірілді.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ және шағым түсіру немесе апелляцияға беру мүмкіндігі бар.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағаныдыда 2015 жылдың жазында кезекті туристік дау туындаған болатын. Ол кезде «Фараон» фирмасынан Түркияға жолдама сатып алған клиенттер демалысқа кете алмай қалған еді. Алданып қалған адамдар полицияға шағымданып, ал турфирманың жетекшісі Жанар Абеуп ұсталған болатын. Артынша оған ірі көлемдегі алаяқтық бабы бойынша айып тағылды.

Ж. Абеуптың әкесі прокуратура органдарының құрметті ардагері, ол кезінде облыстық прокуратура бөлімінің бастығы қызметін атқарған.

Турфирманың әрекетінен 100-ден астам адам зардап шекті. Шығын 400 мың АҚШ доллары көлемінде бағаланды. 2015 жылдың 6 қазанында Ж. Абеуп сот санкциясымен қамауға алынды. Күдікті тергеу изоляторында отырып үшінші сәбиін дүниеге әкелген. Алайда, баланың дүниеге келуі оның жауаптан жалтаруына тосқауыл болған жоқ. 2016 жылдың 1 тамызында басты сот талқылауы басталды.

Туристік агенттіктер қауымдастығының мәліметінше, турфирма нарықта қызмет еткеніне бес жыл болған және өзін ең арзан оператор ретінде көрсетіп келген. 

null null 

Соңғы жаңалықтар