Қарағандыда транзиттік көліктерге айналма жол салынады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыны транзиттік көліктер легінен арылту үшін жергілікті билік айналма жол салу ісін қолға алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қарағандыдан тәулігіне 22 мың автокөлік жүріп өтеді. Қаладағы көлік қозғалысын жеңілдету керек. Сол себепті біз солтүстік және шығыс жүру жолдарына айналма жол салу бастамасын қолға алып отырмыз. Жоба өте маңызды болғанымен, көп қаражатты қажет етеді. Оған 34 миллиард теңге керек. Қазіргі уақытта осы мәселе бойыншы тиісті министрліктермен келіссөздер жүргізіліп жатыр, нәтижесі оң шешімін табады деп үміттенеміз. Бастапқы келісім бар, министрлер жобаның маңыздылығы мен өзектілігін түсініп отыр», - деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов журналистермен кездесуінде.

Сонымен қатар, әкім облыстық маңызы бар тас жолдардың басым бөлігі үлкен жүк тасымалдаушы көліктердің кесірінен бұзылатындығын айтып өтті.

«Үлкен жүк көліктер тиесілі кәсіпорындардың иелерімен әңгімелестік. Кәсіпорындарды жол жөндеу жұмысына тарту арқылы мәселені шешеміз. Өздері бұзады екен, өздері қаражаттарына жөндетуді мойындарына алсын», - деді Ерлан Қошанов. 

Соңғы жаңалықтар