Қарағандыда таскөмір өндіретін жаңа шахта ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда бүгінде жабық тұрған Долинск шахтасының кен орнында көмір өндірілетін болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Аталмыш кен орнынан бір жылда 1 миллион 150 мың тонна көмір өндіру жоспарлануда.

1996 жылы Долинск шахтасы «АрселорМиттал» компаниясының жаңа басшысы Лакшми Митталға сатылған сегіз шахтаның қатарына кірмей қалған еді. Бұл кен орны Қарағанды көмір бассейніндегі үлкен қыртысты көмірді өңдемейтін жалғыз шахта, сондықтан сұранысқа ие болмады.  Көмір тек жұқа қыртыстан өндірілді. Салдарынан бұл шахтаның көптеген иелері өндірісті сақтап қала алмады. Қазіргі таңда кен орны жұмыс жасап тұрған жоқ.

«Долинск шахтасындағы кен орнынан көмір өндіру бойынша инвестициялық жобаны бірігіп жүзеге асыруға конкурс жарияланды», - деп хабарлады жоба бастамашысы болып отырған «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-дан.

Геологиялық барлау жұмыстары көрсеткендей, бұл жерде 19 миллион 61 мың тонналық қор бар. Жыл сайын 1 миллион 150 мың тонна көмір өндіру жоспарлануда. Жоба авторы көмірдің барлық қорын өндіруді 2035 жылға қарай аяқтауды көздеп отыр. Көмірді ел ішінде сату жоспарлануда.

900 кенші тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.

 

Соңғы жаңалықтар