Қарағандыда таксист әйелді өлтірген қылмыскер 15 жылға сотталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Әйел такси жүргізушісін өлтіріп, қылмыстың ізін жасырған Қарағанды облысының үш тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Қаза тапқан Юлия Стонкус кикбоксингпен айналысқан. Үшеуі де кінәлі екендіктерін мойындады. Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бекзат Шалғымбаев сотталушыларды кінәлі деп танып, бас бостандықтарынан айырды.

«Сотталушы Сұлтан Плиевті ҚР ҚК 99-бабының 1-тарауы «Адам өлтіру», 200-бабының 1-тарауы  «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» және 188-баптың 1-тарауы «ұрлық жасау» бойынша айыпты деп танылды. 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деді соттың үкімін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бекзат Шалғымбаев.

Сұлтан Плиев маскүнемдікке шалдыққан. Судья оған ішімдіктен мәжбүрлеп емдеуді тағайындады.

Оның сыйбайластары Николай Щепковский мен Андрей Анисимов қылмысты жасырғандары үшін 2 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Плиев қаза тапқан әйелдің отбасына бір жарым миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс. Ал, екі жақтасы 500 мың теңге төлеуге міндеттелді. 

Еске салайық, Ақтастағы такси қызметінде жұмыс істейтін Юлия Стонкус 28 қазанда Қарағанды маңындағы саяжай аумағынан өлі күйінде табылған еді. 

Соңғы жаңалықтар