Қарағандыда такси жүргізетін әйелді өлтірмекші болған күдікті ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды полицейлері әйел-таксисті өлтірмекші болған күдіктіні тұтқындады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. 

«Такси қызметін көрсеткен 63 жасар машина иесін өлтірмекші болған күдіктіні криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Бірнеше жерінен пышақталған әйел 2016 жылдың 18 қарашасы күні Қарағанды қаласының Прогресс көшесінің аумағындағы жеңіл көліктен табылды», - деп хабарлаған Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мәліметтерінде.
Ол полицейлердің жедел көмек көрсетуі мен дәрігерлердің арқасында тірі қалған.

Күдіктіні іздеу жұмыстары үш ай бойы жүргізілген. Полиция қызметкерлері жедел-тергеу іс-шаралары кешенін өткізіп, қажетті дәлелдерді жинап, 22 жасар қарағандылықты тапқан.

«Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ол жол жүру ақысын төлеу барысында көлік иесімен жанжалдасып, такси жүргізушісін бірнеше жерінен пышақтаған. Кейін оқиға орнынан ізін суытқан», - деп хабарлаған Облыстық ІІД баспасөз қызметінде.

Полиция ҚР ҚК 24-99 баптарының 1-тармағы «Адам өлтіруге оқталу» бойынша тергеу жүргізуде.

Тұтқындалушы уақытша қамау оқшаулағышында, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар