Қарағандыда суретші Қуаныш Есіркеевтің көрмесі ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында Қуаныш Есіркеевтің мерейтойлық көрмесі ашылды. Суретші 14 қарашада 70 жасқа толды. Көрме қарашаның 27-не дейін созылады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қуаныш Есіркеев 1947 жылы Балқаш қаласында суретшілер отбасында дүниеге келген. Балалық шағынан бастап ол шығармашылық ортада өсті, сондықтан Алматы көркемөнер училищесіне еш қиындықсыз түсті.
null 

«Ол бала кезінен сурет салуды сүйетін. Және де оның мерейтойлық көрмелері әрдайым осы мұражайда ұйымдастырылып келді. Ол портреттер салуды жақсы көреді. Мына көрмеде біздің анамыздың әр жылдары салынған бес портреті ұсынылып отыр», - дейді суретшінің інісі Мейрам Есіркеев.
null 

Қуаныш Есіркеев - еліміздегі аса ерекше суретшілердің бірі. Оның картиналарынан қыл қалам шеберінің дарыны жетіліп, қалыптаса бастаған кезеңдерін байқауға болады.

«Қуаныш Есіркеев - Қарағандының және жалпы Қазақстанның бірыңғай суретшісі, - деп есептейді өнертанушы Наталья Иванина. - Қазір ол ешетеңе салмайды, алайда өзінің қызмет еткен жылдарында елдің есінде қаларлықтай қаншама туындыларды дүниеге алып келді».

Көрмеде суретшінің осыған дейін көпшілік назарына ұсынылмаған жұмыстары да болды. Оның этюдтері: пейзаждар мен портреттері де сақталып қалды. Онда автордың туындыларында үйлесімді әлем құрғысы келгені байқалады. Көрмеде сонымен қатар индустриалды және қала, көбінесе Қарағанды шаһарының пейзаждары ұсынылған.
null null 

Қуаныш Есіркеев - өзін толықтай сүйікті ісіне бағыштаған жан. Барлық туындыларда айрықша дарын, жоғары шеберлік және бір сәттік әсермен кірленбеген дүниенің шынайы бетін ашуға деген құштарлық көрінеді.
null 

Соңғы жаңалықтар