Қарағандыда суағар кәріздерін жөндеуге 19 млн теңге бөлінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Облыс орталығындағы суағар кәріздері біртіндеп қалыпқа келтіріле бастайды. Бұл мақсаттарға қалалық бюджеттен 19 миллион теңге бөлінген, деп хабарлайды әкімнің ресми сайты.

Суағарларды тазартып, жөндеуге кіріспес бұрын оларды тауып алу қажет.

«Жекешелендіру кезеңінде барлығы қолды-қолға таратылды, ал суағарлар қараусыз қалды. Олардың құжаттар жоқ. Ол қағаз мәліметтер мұрағатқа тапсырылуы керек еді. Алайда ешкім оларды тапсырмаған. Қалалық кадастрда бегіленген суағарлардың орналасулары туралы мәліметтер дұрыс емес. Біз сол құжатта белгіленген кейбір жерлдерді аралап қайттық. Алайда ешқандай суағар таппадық. Ол жерлер сатылған, құрылыс жұмыстары өткізілген, сауғарлар жойылған», - дейді ТКШ, көлік және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі Шолпан Жүнісова.

Суағарларды іздеуге және қайта қалыпқа келтіруге қанша уақыт жұмсалатыны әзірге белгісіз. Мамандардың есептеуінше екі жылдан кем емес. ТКШ бөлімінің қызметкерлері суағарлар белгіленген қалалық кадастрдың ескі картасын және 2013-2014 жылдары құралған карталарды сұратқан. 

«Бұл карталарды теңестіре отырып, біз суағарлардың қай жерлерде орналасқанн анықтай аламыз. Алдымен суағар кәріздерінің мүліктерін түгендеу өткізіліп, техникалық құжатын рәсімдеп, «Қарағанды Су» балансына беріледі. Бірінші кезекте Гоголь көшесі, Бейбітшілік гүлзарының, Бұқар Жырау және Н.Әбдіров даңғылдарының суағарлары қалыпқа келтіріледі. Жалпы есептегенде 22 шақырым кәріздер тазартылады деп жоспарлануда», - деп атап өтті Ш. Жүнісова. 

Соңғы жаңалықтар