Қарағандыда сотталған мұғалімнің жұбайы әділеттілік орнайтынына сенеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда сотталған ұстаз Юрий Пактің жары Ольга Пак телефон арқылы жалған ақпарат беру ісі бойынша әділетті сот шешімі үшін әрі қарай күресуге дайын. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен сіздердің осы іске немқұрайлы қарамағандарыңыз үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Мен күн сайын осы мәселелеге байланысы азаматтардан жақсы тілектер мен сөздер естимін. Өкінішке орай олардың барлығына бірдей жауап беріп үлгермей жатырмын»,-деп жазды ол.

Ольганың сөзінше, осындай қолдап-қолпаштау бағытында жазылған тілеткер оның жағдайды салқындылықпен бағалауға мүмкіндік беріп отыр.

«Мен жақында ғана түрмеде Юриймен кездестім. Біздің жүрегімізде біреуге деген жеккөрушілік пен зұлымдық жоқ. Яғни, біз өзімізге төніп тұрған қиындықтарға төтеп бере алдық. Мен бар болғаны әлсіз әйелмін. Алайда, мен осы келеңсіздікпен күресуге дайынмын. Өйткені мен 18 жыл бойы өзім сүйген азаматтың қамқорлығында болдым. Юра мені қашанда қиындықтардан алып шығып, қорғаштап жүретін. Ол мені жан-тәнімен сүйетін еді. Мен бақытты әйелмін»,-деді Ольга.

Сонымен қатар өзінің парақшасына жазылушыларға қарата айтқан сөзінде ол өзінің басына түскен жағдайға байланысты пікір білдіргенде аса қатты жеккөрушілік танытпауды сұрады.

«Жеккөрушілік адамды іштей өшіреді. Елдің барлығы біздің жағымызда бола алмайды. Әрбір адамның кез-келген мәселеге өз көзқарасын білдіруге құқы бар. Ал, біз әділдікке сенеміз, сол үшін күресеміз. Біз өзіміздің құқымызды заң аясында Конституция аясында қорғаймыз. Бізге бұны ата-аналарымыз үйретті», деді Ольга.

Айта кетейік, Юрий Пактің қаладағы сауда үйлерінің біріне бомба қойылғандығы жөніндегі жалған ақпаратқа қатысты ісі бір жарым жыл бойы қаралды.

Сот соңында дауысқа байланысты жүргізілген сараптама нәтижелері негізінде Юрий Пак екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар