Қарағандыда сот жасауылы арнайы контингентке тыйым салынған затты бермек болған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы тергеу оқшаулағышына бір күннің ішінде екі рет ұялы телефон беруге әрекет жасаушылар ұсталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі.

«Арнайы контингенттің түрлі тыйым салынған заттарды пайдалануына және сақтауларына болмайтындығы туралы ұсталушы тұлғаларға ескертілгеніне қарамастан, олар Әкімшілік кодексті бұзды», - деп атап өтті Қарағанды облыстық ҚАЖ департаментінің өкілі Есімжан Байтасов.

Бірінші оқиғада облыс орталығындағы аудандардың бірінде режимдік нысанға ұялы телефон мен СИМ-карта алып өтпекші болған сот жасауылы, ал екінші жағдайда жұбайына ұялы телефон бермекші болған Қарағанды облысының тұрғыны ұсталды.

Аталмыш факті бойынша материалдар толтырылып, әкімшілік сотқа бағытталды. 

Соңғы жаңалықтар