Қарағандыда шенеунік «Қолжетімді баспана» үшін $5000 пара алған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда 5000 долларға «Қолжетімді баспана» бағдарламасымен үй алып беремін деп уәде еткен шенеунік тараптардың ортақ келісімге келуіне байланысты жауапкершіліктен құтылып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағандының Қазыбек би ауданы әкімдігінің қызметкеріне қызмет бабын жеке мүддесі үшін пайдаланды деген айып тағылды. Оған қатысты қылмыстық істі Қазыбек би аудандық соты қарады. 

«ҚР ҚК 68 бабы, 1 тармақшасына сәйкес, қылмыстық іс тараптардың тіл табысуына баланысты тоқтатылды»,-деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі.

Қылмыстық істің материалдарында «Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық әкімдігі» мемлекеттік мекемесінің тұрмыстық қамтамасыз ету бөлімі бас маманының міндетін атқарушы жергілікті тұрғынды алдап соққандығы айтылады.
Нақтырақ айтқанда, шенеунік 5000 доллар берген жағдайда «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы арқылы тұрғынға үй алып беретіндігін жөнінде жалған уәде берген. Мемлекеттік қызметкер бұл ретте 5000 долларды өзі алмайтынын, оны лауазымды тұлғаларға беретінін айтқан. Алайда алған ақшаны ол жеке мүддесін үшін жаратқан да тұрғын үй мәселесі шешілмеген күйі қалған.

«Айыпты азамат шығынды өтеді. Сөйтіп, екі жақтың бір-бірімен ортақ мәмілеге келуіне байланысты іс тоқтатылды»,-деп хабарлады аудандық сот өкілдері.

Сот қаулысы күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар