Қарағандыда шенді полицейлер есірткі сатушысына болысқан

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Екі жоғары шенді полицей мен Қарағанды облыстық ІІД Көші-қон қызметі басқармасының қатардағы екі қызметкері есірткі сатушысымен сыбайлас жемқорлық жасады деген күдік бойынша сот алдында жауап берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өңірлік ІІД Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысы Аблай Смайлов, Көші-қон қызметі бөлімінің Оңтүстік-Шығыс полициясы бөлімінің басшысы Серік Жабағин, сондай-ақ инспекторлар Роза Мәжитова мен Венера Оралханова көші-қон заңнамасына қайшы бірқатар заңсыз қызмет көрсетті деген күдікке ілікті.

Оларды Жезқазғанға Кавказдан келген есірткі сатушыны аңдып жүрген ІІМ қызметкерлері анықтаған. Із кесушілер дәлелдемелер жинақтап, оларды ұстаған.

Қарағандыдағы Қазыбек би аудандық №1 сотында Серік Жабағин,  Роза Мәжитова мен Венера Оралханова сот алдында жауап берді. Үшеуі де кінәсін мойындап, прокурормен процессуалдық келісім жасады. Сотты судья Саян Аққожин жүргізді.

Аблай Смайловқа қатыста тергеу ісі жүріп жатыр.

Полицейлерге ҚР ҚК 361-бабы 2-бөлімі «қызметтік өкілдігін асыра пайдалану» және 394-бабы 2-бөлімі «заңсыз көші-қон ұйымдастыру» бойынша айып тағылуда. 

Соңғы жаңалықтар