Қарағандыда шахтадағы өрт тоқтатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында жағдай тұрақталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА компанияның сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, осыдан бес күн бұрын, 10 наурызда Костенко атындағы шахтаның  желдету түйісімі учаскесінде өрт шыққан болатын. 

Өрттің шығу себебі табиғи құбылыспен байланысты болуы мүмкін.

 Апат болған учаскеге ауа жіберуді қысқарту арқылы жағдайды тұрақтандыру мүмкін болды.

Қазіргі уақытта шахта тіршілікті қамтамасыз ету режімінде жұмыс істеп жатыр. Алынған сынамалардың сараптамасы апаттық аумаққа жарылыс қаупі төніп тұрмағанын көрсетті.

Жер асты жұмыстарына Костенко атындағы шахтаның 50 қызметкері мен 20 құтқарушы тартылды. Өрт ошағын оқшаулау бойынша барлық жұмыстар қауіпсіз режімде жүргізілді және жұмысқа тартылған адамдардың өміріне еш қауіп төндірген жоқ.

Сондай-ақ, компанияның хабарлауынша, уақытша жұмысы тоқтатылған Костенко шахтасындағы жұмысшылардың бір бөлігі (546 адам) өзге шахталарға жіберілді. Сондай 282 адам демалыста.  

Соңғы жаңалықтар