Қарағандыда сауда павильондарын салу үшін 5 жер телімі сатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда 13 жер телімі аукционға қойылған болатын. Олардың бесеуі жалпы сомасы 500 мың теңгеге сатылды, деп хабарлайды әкімнің сайты . 

«2-ші қараша күні жер аукционы өтті. Қазыбек би және Октябрь аудандарында орналасқан 13 жер телімі 5 жыл мерзімге уақытша пайдалану үшін ұсынылды. Солардың 5-і халық тұтынатын тауарларды сату үшін павильондар салуға берілді. Бес лот бойынша түскен жалпы сома 500 мың теңгені құрады», - деп хабарлады Қарағанды қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі.

Бұл бес жер теліміде Октябрь ауданының 21-ші және 22-ші шағынаудандарында, Зелинский-Пирогов, Социалистическая-Мелитопольская көшелерінің қиылысы мен Металлистер көшесінде орналасқан. Әр жер телімінің көлемі - 0,0018 гектар. Аукцион ағылшын әдісі бойынша өтті, жәнеде сауда барысында сату бағасы бастапқы бағадан 20 есеге артты. Жерді жалға алушылар жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерте алмайды.

Дегенмен Федоров су қоймасындағы демалыс орындарына бағытталған жер телімдерін сатып алушылар табылмады. Олар келесі аукционда қайта саудаға қойылады.

Соңғы жаңалықтар