Қарағандыда рок жұлдызы Виктор Цойдың ескерткіші ашылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда 26 тамыз күні әйгілі «Кино» тобының негізін салушы және осы топтың мүшесі Виктор Цойдың ескерткіші ашылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Іс-шараға Виктор Цойдың әкесі - 79 жастағы Роберт Цой келеді. Олимпийская көшесіндегі ескерткішті «Ер Нур & Ника» қазақ-корей достастығы қоғамдық қоры қаржыландырды. Ескерткіштің нобайы ҚР Сәулетшілер одағы мен ҚР Суретшілер одағының қолдауымен жарияланған конкурс нәтижесінде таңдалып алынды.

null

«Біз тек ескерткішті орнатуды ғана қолға алған жоқпыз, сонымен қатар Қарағандыдағы Олимпийская көшесіндегі саябақты абаттандыру жобасын да жүзеге асырдық», - деді қазақ-корей достастығы қоғамдық қорының президенті Игнатий Тё.

Олимпийская көшесі кездейсоқ таңдалып алынған жоқ. Дәл сол жерде «Ер Нур & Ника» қазақ-корей достастығы қоғамдық қорының кеңсесі орналасқан. Ескерткіштің салтанатты ашылуынан кейін Кеншілер мәдениет сарайында рок жұлдызын еске алу концерті өтеді.

Соңғы жаңалықтар