Қарағандыда прокуратура қаржы пирамидасының жетекшісіне 10 жыл беруді сұрады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Астана, Қарағанды және Теміртаудан 752 тұрғын құрбанына айналған «Optovka» қаржы пирамидасын құрғаны үшін айыпталушыны прокурорлар 10 жыл колонияға жіберуді сұрады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бірнеше миллион ақшаны алаяқтықпен қолды еткен айыпталушы Елена Колесникова  жалпы режімдегі колонияда он жылын өткізуі тиіс деп санайды прокуратура.

Прокурор Саржан Сабыр ҚР ҚК 217-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деп санайтынын мәлімдеді. 

Сонымен қатар, 752 жәбірленушінің біразы Колесниковамен жұмыс барысында уақытша қиындық салдарынан ақшаларын ала алмадық деп санайды.

Атап айтқанда, 65 жәбірленуші сот жолдамасын, телефонмен шақыртуды елемеді, бұл бірнеше рет қайталанды. Октябрь аудандық сотының судьясы Амантай Әбдікамалов жәбірленушілерді сот залына мәжбүрлі жеткізу туралы қаулы шығарды. Оларды тұрғылықты жерлерінен полиция бөлімшелерінің полицейлері жеткізді.

Колесникова салымшылардың міндеттемелерін орындамаған бөлігіндегі айыбын ғана мойындады. Оның алаяқтық жасайтын ниеті болмағанын, азаматтарға ақшаны қайтаруға жеке салымшылардың шағымдары мен тергеу органдарының араласуы кедергі келтіргенін айтты.

Қаржы пирамидасының негізін қалаушы Елена Колесникова қамауда. Іс материалдарында фирма жеке тұлғалардан 3 миллиард теңге алғаны, оның ішінде салымшыларға 2 миллиард қайтарылмағаны жазылған.

Бір жарым мыңнан астам салымшылар мен куәгерлерден жауап алынды, екі мыңнан астам тергеу әрекеттері жүргізілді, оның ішінде сараптама және өзге де зерттеулер бар, алдында күдікті болған бес адам куәгер атанды.

Оларға қатысты іс тергеуге белсенді жәрдемдескені үшін және өкінуге байланысты тоқтатылды. Сонымен қатар, белгісіз тұлғаларға қатысты жеке өндіріске бөлінген тағы бір қылмыстық іс бар. Қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін олардың кім екенін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар