Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 341.61
EUR 410.27
RUB 5.90
CNY 51.98

Қарағандыда поляктардың жер аударылуына 75 жыл толуына орай халықаралық ғылыми конференция өтіп жатыр

2011 жылғы 17 қараша 15:41 69

ҚАРАҒАНДЫ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Академик Е.А.Бөкетов атындағы  Қарағанды мемлекеттік университетінде бүгін поляктардың жер аударылуына 75 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми конференция өтіп жатыр.

Конференцияға Польшадан, ТМД елдерінен, Қазақстанның жоғарғы оқу орындары мен  ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдары, сонымен қатар мемлекеттік мұрағат қызметкерлері қатысуда. Жиналған қауымды Польшаның ҚР-дағы елшілігінің бірінші кеңесшісі, консулдық бөлімнің меңгерушісі Бартош Яблоньски құттықтады.

Конференцияда «Алыстағы далада. Поляктар Қазақстанда» атты көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар, поляктардың Қазақстанға жер аударылуына байланысты «The Way Back (Қайтар жол)» және  «Поляк тілі сабағы II» сияқты фильмдердің көрсетілімі болады.

Конференцияның ұйымдастырушылары Польшаның ҚР-дағы Елшілігі, академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ және Қарағанды облыстық поляктардың  «Полония» қоғамы болып табылады.

Басты сөздер:
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер