Қарағандыда полицейлерге 103 жаңа көлік сыйға тартты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов полицейлерге 103 жаңа қызметтік көліктің кілтін салтанатты жағдайда табыс етті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

103 көлік дабыл, дауыс зорайтқыш құрылғылармен, радиостансалармен жабдықталған.

Облыс басшысы көліктерді көріп, жаңа технология мүмкіндіктеріне лайықты баға берді. «Көліктер мемлекет басшысының қоғамдық тәртіпті нығайту, қылмыспен күрес бойынша міндеттерін шешуге қызмет ететініне сенімдімін», - деп хабарлады Ерлан Қошанов.

Көліктің басым бөлігі жол-патрульдік қызметке беріледі. Сондай-ақ автомобильдер  ішкі істер оргадарының бастапқы буыны, тікелей халықпен жұмыс жүргізетін полиция учаскелік инспекторларына берілді.

«Қарағанды облысының ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінді», - деп атап өтті ІІД баспасөз қызметінде.

null 

Фото: karaganda-region.gov.kz

Соңғы жаңалықтар