Қарағандыда өзін-өзі атып өлтірген көлік иесі жөніндегі істі тергеумен прокуратура шұғылдануда

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының прокуратурасы мас күйінде көлік жүргізгендігі үшін әкімшілік  хаттама толтырылған, кейіннен өзін-өзі атып өлтірген автомобиль иесіне байланысты тергеуді полициядан қайтарып алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды облысы прокуратурасы баспасөз хатшысының хабарлауынша, іс өндірісі арнайы прокурорлар басқармасына тапсырылды.

ҚР ҚК 105 бабы бойынша (өзін өзі өлтіруге жеткізу) қылмыстық іс шынайы және әділ тергеу жүргізілуі үшін Қарағанды облысы прокуратурасына берілді. Атап айтқанда,Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасына тапсырылды»,-деп хабарлады өңір прокуратурасының баспасөз хатшысы Нұрлан Әбжанов.

Іс бойынша бірнеше сараптама тағайындалды.

Еске сала кетсек, ер адамды полиция қызметкерлері  мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұстаған еді. Ол таксиге немесе қоғамдық көлікке отырудан бас тартқан  және полицейді бірнеше рет ұрған.  Ол полиция жасағын шақырып, әлгі  полиция бөліміне жеткізіледі.
Әкімшілік құқықбұзушылық  хаттамасы, одан басқа ҚР ҚК  293 бап - «Бұзақылық» бойынша материал толтырылған.

Көлік иесі  босатылады, ал автомобиль көлік тұрағына қойылған.

Келесі күні жүргізушінің туыстары оның оқ тиіп өлген мәйітін тапқандығын полицияға хабарлаған.

Бұл факті бойынша сот алды тергеу басталды. 

Соңғы жаңалықтар