Қарағандыда өткен би кешінде 28 жұп вальс биледі

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда қазақ вальсінің облыстық би кеші өтті. Аталмыш шараға бал биін ұнататын барлық тұрғындар жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәдение шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Кешті Қарағанды облыстық әкімдігі және «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы және өңірлік кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «EXPO&WOMEN» халықаралық ұйымы мен «G-Global» ұйымдастырды.

Би кешіне қатысуға ниет танытқан кез келген азамат қатыса алатын еді. «150-ден астам адам кешке келуге ниет білдірді. Соңында 56 адамнан тұратын 28 жұп қана қалды. Олардың басым бөлігі мектеп оқушылары мен орта білім беру орындарының студенттері және кәсіпорын қызметкерлері мен бизнес өкілдері. Үміткерлердің жастары 16 мен 35 аралығында. Би кешінде өнер көрсететін азаматтарды кәсіби биші дайындады», - деп хабарлады ұйымдастырушылар штабының өкілдері.

Кеште бишілер Шәмші Қалдыаяқов, Латиф Хамиди, Төлеген Мұхамеджанов сынды өнер майталмандарының туындыларына өнерлерін ортаға салды. Жекелеген қойылымдар кезінде сахнаға Қарағандының № 58 орта мектебінің кадеттері шықты.

Кеште мықтыларды анықтаушы болды. Ол бишілердің өнерлеріне қарай хан мен ханшайымды таңдап алды. Бұл мәртебеге Айбек Есенбеков пен Сәния Мергенбаева лайықты деп табылды. Бишілердің бірі «Қазақстан темір жолы» компаниясында жұмыс істейді.


Кешке қатысушылардың сөздерінше, байқауға дейін олар бір бірін танымаған, тек дайындық шаралары кезінде ғана танысқан. Олар бимен жас кездерінен шұғылданатын болып шықты. Ал, кештің алдында дайындықтарын тек шыңдай түскен.

Әділқазылар алқасы ең үздік биші жұпты анықтады. Бишілердің арасында көрермендердің «көзайымына» айналғандары да болды. Сонымен қатар кеште қалың көпшіліктің назарына Қарағанда қаласы қолөнершілерінің өнімдері де ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар