Қарағандыда өрттен екі адамды құтқарған азамат марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде өрт кезінде екі адамды құтқарған А.В. Шинкаревты марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, 2018 жылдың 19 ақпанында кешкі сағат 05-00-дер шамасында Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы Северозападный кентіндегі Загаражная көшесі 3 үй, 2 пәтеріндегі бірқабатты жекеменшік тұрғын үйде газ баллонының ақауы салдарынан болған жарылыстан кейін №2 пәтерде өрт болған.

Өрттің жалпы ауданы 200-ге жуық шаршы метрді құрайды. Өрт нәтижесінде 2001 жылы туған жасөспірім қыз бен 1994 жылы туған жігіт күйікпен ауруханаға жеткізілді. 14 адам мен 3 бірлік техникадан тұратын ТЖД Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметінің күші тартылды. Өрт кезінде пәтердің түгі қалмай жанып кеті.

Он жеті жасар жігіт - Алексей осы оқиға кезінде нағыз ерліктің үлгісін танытты. Осы сәтсіз күні көрші үйде тұратын Алексей өз үйінің ауласына шығып, көрші үйден түтін шығып жатқанын көреді, үйге жақындаған кезде ол көмек шақырған дауыстарды естиді. Шарбақтан секіріп, жанып жатқан көрші үйге жүгіреді және үйдің дәлізінде көмек сұрап жатқан екі адамды көреді, ойланбастан оларды далаға шығарады. Жас батыр оларды өрттен қолымен алып шыға алды. Ол саспай, оларды үйіне апарып және жедел жәрдем бригадасын шақырады.

«Алғашқы медициналық көмекті ер - фельдшер көрсетті. Ол жалғыз болды және менің қызым Вероникадан күйіктен қорықпай, киімін шешуге, күйікке залалсыздандырылған таңғышты салды және байлай аласың ба деп сұрады. Вероника сеніммен «иә» деп, фельдшерге көмектесе бастады»,-дейді Алексейдің анасы. И.А. Шинкарева дұрыс шешім қалбылдаған балаларын мақтан тұтады.

Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Б.Т. Кәрімов адамдарды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанкештілігі үшін үшін алғыс хат табыстады және

«Шанкаров Алексей жасаған ерлікті кез - келген ересек адам жасай алмайды. Біздің облыс тұрғындарының арасында қиын уақытта өз өмірін қауіпке тіге отырып, көмектесуге дайын осындай батырларымыздың бар екеніне қуаныштымыз. Сізге зор денсаулық пен отбасылық бақыт тілейміз!»,-деп айтып өтті.

Ерлігі үшін А.В.Шинкарев ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ведомствалық марапатына ұсынылады. А.В.Шинкарев оқитын Шахтинск тау - кен колледжінің директорына адамдарды өрттен құтқарғаны үшін марапаттауға өтініш хат жолданады.

Газ баллонының жарылуы салдарынан зардап шеккен жұпқа қан қажет екендігін атап өткен жөн. 23 ақпан таңертеңгі сағат 10 - да ТЖД және оның бөлімшелерінің қызметкерлері Облыстық қан тапсыру орталығында қан тапсырады.

Соңғы жаңалықтар