Қарағандыда өртке оранған пәтерден екі баланың мәйіті табылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында өртке оранған пәтерден екі баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«19 қаңтар күні сағат 11.26-да жедел-жәрдем стансасына Қарағанды қаласының 18-інші мөлтекауданындағы үйлердің біріне шақырту түсті. Бригада аталған жерге дереу жетті. Жанып жатқан пәтерден құтқарушылар екі баланы алып шықты. Дәрігерлер биологиялық өлімнің болғанын белгіледі. 2008 және 2014 жылы туған балалар газдан уланып көз жұмған, күйік жарақаттары табылмады», - деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Айжан Иса.

null  

Көршілердің айтуынша, бұл пәтерде ПИК қызметкерлері тұрған.
Өрттің себебі анықталуда.

Соңғы жаңалықтар