Қарағандыда Наурыз мейрамы жоғары деңгейде тойланып жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласының Орталық саябағында бұқаралық той тойлау және «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік бағдарламасы өтуде, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

 Облыс әкімі Ерлан Қошанов та болып аймақтың барлық тұрғындарын мейраммен құттықтады. 

- Халық арасында бұл күні барлық өкпе мен ашу артта қалып, адамдар бір біріне жақындасатын күн деп айтылады,- деді Ерлан Қошанов өзінің құттықтау сөзінде. - Наурыздың көпғасырлық тарихы тереңде жатыр. Қазақстан үшін бұл күн жылдың басы, жаңа бір бастама іспеттес болған. Біз барлықтарымыз жаңа жыл жаңа бақыт пен өмірімізге жаңашылдықтар алып келетініне сенеміз. Бұл Наурыз үлкен оқиғамен есте қалды, дәлірек айтар болсақ Елбасының бес жаңа әлеуметтік бастамасы туралы айтып отырмын. Олардың барлығы қатардағы қазақстандықтардың әлеуетінің өсуіне бағытталған. Бұл бастамалар жаңа белестерге, түбегейлі серпілісті әлеуметтік жобаларға жол ашады. Қолжетімді болатын баспаналар, жаңа сапалы жүйелі білім, ісін енді бастап келе жатқан кәсіпкерлерді жаппай қолдау, және  ең бастысы, аймағымыздың әр тұрғыны армандап келген жоба - газ құбырының құрылысы. Ол облысымыздың барлық тұрғындарының өмірін жақсартатыны хақ. Мен барлықтарыңызға Наурыздан Наурызға дейн аман-есен жетіп, бақытқа кенелулеріңізді тілеймін. Барлық бастаған жобаларымыз абыроймен орындалсын дегім келеді. Шын жүректен осы көктемнің жаңару мерекесімен құттықтаймын, Қыдыр ата әр шаңыраққа еніп, бақыт сыйласын. Наурыз барлығымызға бейбіт өмір мен жақсылық алып келіп, еліміз көркейе берсін». 
null

 Ерлан Қошанов мереке күніне арналып тігілген киіз үйлерді аралап шықты. Онда барлық келушілер «Беташар», «Тұсау кесер» ұлттық салт-дәстүрлерді тамашалай алады. Әкім кіріп шыққан бір киіз үйлердің ішінде балалар «Тоғызқұмалақ» ойынында бақ таластырып жатты. 
Басты сахнада бүгін көрермендер назарына үлкен мерекелік концерт ұсынылды. Әртістердің өнерінен соң бұқаралық той тойлау жалғасын тапты. Балалар атпен серуендеп, бүркіттер мен тазы иттерді ұстап суретке түсу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар бұл күні мұнда барлық аттракциондар да жұмыс істеді. 

null

 Естеріңізге сала кетейік, Наурыз мейрамын тойлау Қарағандыда 21-ші наурызда басталды және 25-не дейін жалғасатын болады. Қала бойынша бес алаңда 30 киіз үй тігілді: Орталық мәдениет және демалыс саябағында, «Достық үйінің» жанында, «Жаңа Майқұдық» МҮ, «Молодежный» МҮ және «Теміржолшылар» МҮ алдында.

null null null null null 

Фото: karaganda-region.gov.kz

Соңғы жаңалықтар