Қарағандыда науқас аурухананың 5-қабатынан құлап кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандының Майқұдық ауданындағы №1 ауруханада бесінші қабаттағы терезеден науқас құлап, мерт болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қайғылы оқиға палатада дәрігерлер жоқ кезде болған. «Медицина қызметкерлері ол кезде қызметтік міндеттемелерін орындап жатқандықтан, науқастың қасында болмаған. Палаталарда 300-дей науқас бар. Әрбірінің басына бір-бірден медбике қарап тұра алмайды. Кезекші қызметкерлердің іс-әрекетінде қойылған талаптар бұзылмаған», - деді аурухана директоры Дмитрий Чернов.

Науқастың қандай сырқаттан емделіп жатқаны дәрігерлік құпия ретінде қалды. Ол өзіне-өзі қол жұмсаған ба, әлде жазатайым оқиға ма оны полиция анықтайды.

Соңғы жаңалықтар